Ақтаудағы резервуарларға су толтырып жатыр

Ақтауда орталық су торабының резервуарларына әлі су жинап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір «Маэк» энергетикалық комбинатындағы дистилляциялық тұзсыздандыру қондырғысы толық қуатта жұмыс істемей тұр. «Оны қалпына келтіру үшін, алдымен резервуарларды суға толтыру қекер. Су көлемі тиісті деңгейге жеткен соң жөндеу басталады», - дейді жауаптылар. Резервуарлар суға толған кезде тағы ақаулық табылса, тез арада жөндеу шаралары қолға алынады.

Есіңізге сала кетейік, 5 желтоқсаннан бері Ақтауда ыстық су дұрыс ақпай тұр. 

Ербол Ізбергенов, қала әкімі:

- Қазір қалада ыстық суға шектеу қойылғаннан кейін қоймаларға су жинақталып жатыр. Әрине, бұл мәселе судың көлемін бірқалыпты деңгейге алып келгеннен кейін Маэктегі қондырғыны тоқтатып, жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Тез арада осы жұмыстарды аяқтап, судың көлемін тиісті деңгейге әкеліп қала тұрғындарына ыстық су беру жоспарланып отыр.