Талдықорғанда Қаракерей Қабанбай батырдың 330 жылдығы кеңінен аталып өтіп жатыр

Мерейтойлық іс-шаралар ел басына қиын-қыстау күн туған жаугершілік заманда ерлігімен көзге түскен  даңты қолбасшының рухына тағзым етіп, ескерткішіне гүл шоғын қоюдан басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ілияс Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында «Дарабоз батыр Қабанбай» атты ғылыми-танымдық конференция мен республикалық ақындар айтысы ұйымдастырылды. Бұл шараларға елімізге белгілі тарихшы, әдебиетші ғалымдар мен батыр бабамыздың өмірін, күрескерлік қырын зерттеумен айналысып жүрген ақын-жазушылар қатысып жатыр.

Камал Абдрахманов, «Қабанбай батыр» қорының төрағасы:

- Қабанбай батырдың ізімен» деген үлкен эксмпедиция болды. Ол Қаракерей Қабанбай батырдың кесенесінен басталып, Жезқазғанды, Ұлытауды, кешегі Бұланты соғысы өткен жерлерді басып өтіп, Қызылорда айналып, Жамбыл, Шымкент арқылы, Алматы, Семей, Талдықорған арқылы барып, Қабанбай батырдың ізімен өтіп кетті. Осы кезде Қазақстанда барлық жерде үлкен-үлкен шаралар өтті. Әлі де біткен жоқ.

Қанат Еңсенов, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор:

- Үш жүзден қатысқан батырлардың, үш жүздің таңбалары табылды. Бұл деген бабалардың бірлігін білдіреді. Сол уақыттағы ынтымағын білдіреді. СКЛ. Шайқас алаңында қаза тапқан батырлардың құрметпен биіктіктерде, таудың беткейлерінде, өзеннің жарқабақтарына жерленген жерлері анықталды. Келешекте соның барлығы тарихи еңбекте жарық көретін болады.