Dolce-Pharm халыққа өнім шығаратын үздік компания атанды

Dolce халыққа өнім шығаратын үздік компания атанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Алтын сапа» мүсіні серіктестік құрылтайшысына салтанатты түрде табысталды. 90-шы жылдары Елена Ли бизнесін бір бөлмелі пәтерде бастаған. Жылдар бойы дамыды, өсті. Қазір Dolce-Pharm елдегі ең үздік кәсіпорын саналады. Компанияда жоғары білікті 500 маман жұмыс істейді. 250 өнім шығарылады.

Елена Ли, Dolce ЖШС құрылтайшысы:

- Халат, респиратор, маскалар жасаймыз. 25 жыл бойы бір реттік медициналық бұйым шығарып келеміз. Осы жылдар ішінде біз барлық ауруханада, перзентханада бір рет қолданылатын өнімдерді пайдалану мәдениетін қалыптастырдық. Міндетіміз – ауруларды таратпау. Соның алдын алу.

Кәсіпорын 17 000 шаршы метр аумақты алып жатыр. 7өндірістік цех бар. Отандық өнім шетелде де сұранысқа ие. Тауардың 5% экспортталады. Жоспар ауқымды.

Елена Ли, Dolce ЖШС құрылтайшысы:

- Таяуда шприц шығаратын зауытты іске қосамыз. Дамудың стратегиялық жоспары әзірленіп жатыр. Оны біз 9 жыл бойы кезең-кезеңімен жүзеге асырамыз. Алдағы жылдары қолға алатын көптеген жобамыз бар.

Зауыт ашылғанда өндіріске қажетті Инновациялық жабдықты Оңтүстік Кореядан әкелу жоспарда бар. Сол кезде жылына 300 млн шприц жасауға мүмкіндік болады.