Абай облысында биыл 6 мыңға жуық кәсіпкер өз ісін бастаған

Абай облысы кәсіпкерлікке ден қойды. Биылдың өзінде 6 мыңға жуық азамат іс бастаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы, өңірде 46 мыңнан аса шағын және орта кәсіпкерлік нысаны жұмыс істеп тұр. Олардың біразы Шар қаласының әлеуметтік- экономикалық  дамуына айтарлықтай үлес қосып келеді. Сәния Ауытханова тігін цехын 90-шы жылдардың басында сатып алған.  Шағын шеберханада бүгінге дейін 10 мыңдаған ұлттық киім  мен сахнаны  безендіру жабдықтары дайындалған. Бұл - небары 10-шақты адамның еңбегі.

Сәния Ауытханова, кәсіпкер:

- Қазір бізде енді қандай заказ бар соның бәрін тігеміз. Жиырма шақты наименование бар. Киіз үйдің жабдығы, іші-сырты дейді ғой, біз тігеміз. Сонан кейін мәдениет үйіне де арнайы киімдер тігеміз.

Ал бұл «Омбы-Майқапшағай» күре жолы бойындағы дәмхана. Кәсіп иесі нәтижелі жұмыстың арқасында 8 адамды еңбекпен қамтыды.

Данияр Рақышев, кәсіпкер:

- Енді осының бәрі жолаушыларға арналып жасалған нәрсе ғой. Сол жолаушыларға қызмет көрсетіп, тамақтандырып, жолаушылардың көңілінен шығу.

Жаңадан құрылған Абай облысында 46 мыңнан аса шағын және орта кәсіпкерлік нысаны жұмыс істеп тұр. Олардың басым бөлігі мал шаруашылығы, сауда және қызмет көрсету саласында.

Рустем Ворошилов, облыстық кәсіпкерлік және ИИД басқармасының басшысы:

- Өткен 10 айдың қорытындысына сай түрлі көрсеткіштер бойынша өсім бар. Мысалы, өңдеу өнеркәсібінің көлемі 950 млрд теңгені құрап отыр. 29% өскен. 2023 жылдың алғашқы тоқсанында 19 млрд теңгені құрайтын 3 ірі жоба жүзеге асырылады

Кәсіпкерліктің дамуына мемлекеттік жеңілдіктер мен арнайы гранттар қолдау болып отыр. Нәтижесінде қазірдің өзінде жаңа кәсіп бастауға ниет білдірген 300 ден астам азаматтан өтініш түскен.