Ақтөбе облысында интернационалист-жауынгерлерге монумент орнатылды

Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласында интернационалист-жауынгерлердің ерлігіне тағзым ету орыны пайда болды.

Ауған соғысы ардагерлерінің өтініші бойынша орталық саябақтың бір бұрышына  сол майданда қаза тапқан мұғалжарлық азаматтардың есімдері жазылған монумент орнатылды. Енді мұнда жастарға арналған патриоттық шаралар өтіп тұрмақ. Статистикалық деректерге сүйенсек, он жылға созылған Ауған соғысына Мұғалжар ауданынан 110 жігіт аттанған. Қазір өлкеде 37 ардагер тұрып жатыр. Ал, монументті жасату үшін қала билігі 5 млн теңге қаржы бөлген. 

Ерік Бұхарбаев, Мұғалжар аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы:

- Алдағы уақытта осы жерде батырларға, жауынгерлерге арналған әлде де көркейту жұмыстары жоспарда бар. Себебі осы жерге мрамордан тағы да үлкен ескерткіш қою, көркейту, осы саябақты абаттандыру жұмыстары алдағы жоспарда тұр.