Елімізде ковид қайта қарқын алып келеді

Емханада екпе алуға кезекте тұрғандар көп емес. Бірақ күн сайын белгілі бір санаттағы азаматтар келіп, ковидке қарсы вакциналаудан өтеді дейді мамандар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арасында ревакцинацияға баратын да бар. Мысалы, мына орта жастағы отбасылық жұп бұған дейін екі рет Файзер салдырған. Қазір де сол екпеге таңдау түсіпті.

Асылбек Құдабаев, қала тұрғыны:

- Мен бірінші рет ковидпен ауырғанда өте қиын өтті. Даже ойладым ана дүниеге кетеміз деп. Бірақ лоғдырларға рахмет. Содан кейін өзім ойладым обязательно вакцинаны аул керек деп. Содан кейін Файзерді алғаннан кейін бір рет ауырғанбыз. Жеңіл өтті. Сондықтан мына вакцинация бізге көмектеседі.

Нұрәлем Сарапбеков, қалалық №9 емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері:

- Кейбір кісілер тек қана қазақстандық вакцинаны салғысы келеді. оларға Каз-Вак саламыз. Егер шетелге шығатын болса, Синофарм компаниясы мен Файзерді саламыз.

Орта және 50 жастан асқан адамдар екпе алуға жиі келеді дейді дәрігер. Сондай-ақ созылмалы аурулары бар және шетелге баратын адамдар вакциналауға асығады. Жалпы коронавирус қарқыны жазда баяулады. Бірақ қазір ауырғандардың саны тағы көбейген.

Жанна Пірәлиева, қалалық Санэпидбақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Қазіргі таңда Астана қаласында эпидемиологиялық жағдай соңғы екі аптада тұрақсыз деп айтуға болады. Біздің қалада соңғы аптада 458 жағдай тіркелді.

Қараша айының алғашқы аптасымен салыстырғанда вирус жұқтырғандар бес есе көп. Бұл жаңа штамның ықпалы ма? әлде қазіргі жағдай бұрын салынған вакцинаның әсері азайғандығын білдіре ме?

Нұршай Әзімбаева, Вакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы:

- Қазіргі кезде сырқаттып жатқан адамдардың басым бөлігі 80 пайыздан жоғарғысы вакцинацияны мүлдем алмағандар. Не болмаса, соңғы екпені алғаннан кейін 6 айдан астам уақыт өткен адамдар науқастанып жатыр.

Сондай-ақ молекулярлық-генетикалық зерттеулер астанад ауырғандардың көбінен цербер штамын анықтаған. Ал 79 пайызында омиркон штамы екені белгілі болды.

Жанна Пірәлиева, қалалық Санэпидбақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Цербердің өзі де ол омикронның бір түрі болып табылады. Енді церберге келсек, ол өте тез адамға жұғады. Бірақта ол қатты ауыр түрде өтпейді. ол да басқа респираторлы вирус сияқты, температурасы болады, денесі ауырады, бас ауырады. Сол сияқты басталады. Сол үшін біз вакцина алмаған адамдарды вакцина алуға шақырамыз.

Мамандар вакцина алған адамдардың коронавируспен жеңіл түрде, ауыратынын атап өтті. Сондай-ақ ревакцинациядан уақытында өтуді еске салды. Өйткені ковид штамдары өзгеріп отырады. Ал онымен ауырып тұрғанның өзінде, ағзадағы антиденелер жарты жылда азайып кетеді. Қазақстан бойынша ковидке қарсы екпе салатын 2 мың пункт жұмыс істеп тұр. 

Авторлары: Ғазиза Мұхамеджанова, Руслан Әлиев