Ақтауға бүгін ыстық су беріледі

Қала басшысы Ербол Ізбергенов кезекті рет бейнемәлімдеме жасап, тұрғындарға сабырлық танытқаны үшін алғыс білдірді.

Әкімнің айтуынша, 4 желтоқсаннан бері коммуналдық сала мамандары бір тынбастан жұмыс істеді. Нәтижесінде, кеше ауыз судың қысымы қалыпқа келді. Ал ыстық су кешке дейін барлық шағын ауданға жетуі тиіс. Өткен жексенбіде орталық су торабында су қысымының күрт төмендеуінен шаһарда ыстық суды тоқтатуға және ауыз суды шектеулі көлемде беруге шешім қабылданған еді.

Ербол ізбергенов, қала әкімі:

- Бүгінге дейін МАЭК және КСЖА мекемесінің жұмысшылары күні-түні тынбай еңбек етіп келді. Нәтижесінде бүгін ауыз су шектеусіз беріліп басталады. Ыстық суға келер болар, ол да шектеусіз беріліп басталатын болады.