Алматылық екі газета өзінің кітабін гаджет түрінде шығарды

Қазақ баспасөзінің бір жарым ғасырлық тарихында тұңғыш рет алматылық екі газет өз кітабын шығара бастады.

Олар Pocketbook форматында басылып отыр. Яғни, қалтаға салып алып, жолда оқығанға ыңғайлы. Басылымда белгілі әдебиетшілердің, жазушылардың, публицистердің мақала, эсселері жарияланады. Осы сериялардың көшін қазақстандық баспасөздің тарихшысы Сағымбай Қозыбаевтың «Дәйдидау» эсселер жинағы бастады. Кітапқа автордың ең үздік әңгімелері енген.

Сағымбай Қозыбаев, публицист:

- Кітапқа оқырманды елең еткізетіндей тақырып қойдым. Оның үстіне мұнда біздің жас әншіміз туралы бірнеше материал бар. Әннің шығу тарихы да баяндалады. Қағазында әдейі сарғыштау қылып жасадық. Кішілеу, шеті тігілген. Қалтаңа салып алып автобус пен метрода оқи бересің.