Семей жылу орталығындағы оқиғаның әсері әлеуметтік нысандарға білінді

Семейдің номері бірінші жылу электр орталығын өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті тексереді.

Облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков осылай деп мәлімдеді. Түнде нысанда өрт шықққан.

Қала билігі қазір «Теплокоммунэнерго» кәсіпорнына экономикалық қолдау қажет деп отыр. Себебі, мекеменің миллиардттаған қарызы бар. Ал орталықта қалпына келтіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Жылу орталығындағы оқыс жағдайдың әсері әуелі әлеуметтік нысандарға білінді. Мәселен, сол жағалауда орналасқан N1 қалалық ауруханада температура бірнеше градусқа төмендеген.

Бекболат Әбілғазыұлы, №1 қалалық аурухананың әкімшілік-шаруашылық бөлімінің басшысы:

- Бүгін таңертең сағат 8 жарымнан бастап төмендеді. 12-ден бастап қайта қосылды. Түсініксіз болып тұр00.30скл00.31 қазір 75 келіп тұр. Негізі 90-ның маңайында болу керек.  Қысым 4 болатын, қазір 3 жарым көрсетіп тұр.

Жылу орталығындағы кеше түндегі өрттен мазут тарататын жүйе істен шыққан. Ұзындығы 6 метр болатын электр кабельдері жанып кеткен.

Серік Төленбергенов, "Теплокоммунэнерго" МКК директоры: 

- Қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жылу қазандықтарының жұмысын толық тоқтатқан жоқпыз. Жылу маусымы басталғалы бері мұндай жағдайдың талайын бастан кешірдік. Бұған әрине желілердің 68 пайызға тозып тұруы себеп.

Төтенше жағдай департаменті мен Қорғаныс министрлігінің 80-ге жуық қызметкері таңнан бері осында. Олар көмірді бункерлерге қолмен тиеп жатыр. Ал өрттің неден шыққаны әлі анықталған жоқ. Оның себебін өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің мамандары анықтайды.

Димитрий Гариков, Абай облысы әкімінің орынбасары:

- Мамандар «Теплокоммунэнергоға» қатысты тексерісті бастады. Өткен аптада осы кәсіпорынның қызметіне байланысты сот отырысы болды. Онда мекемені экономикалық тұрғыдан оңалту жайы айтылды. Жылдар бойы жиналған 3 миллиард теңге қарыз әзірге тоқтатылды.

Естеріңізге салайық, түндегі өрттен қаладағы 23 мың пәтерде жылу төмендеген болатын. Бұл - Семейдің сол жағалауындағы үйлердің 70 пайызы. 

Семейден Азамат Қасым, Медет Өмірханов, Берік Жобалайұлы