Семейдегі жылу орталығынан шыққан ақау қалпына келтірілді

Семейдегі жылу орталығынан шыққан ақау қалпына келтірілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күйіп кеткен электр кабельдерін ауыстыруға 40-қа жуық маман жұмылдырылған. Қала әкімдігінің хабарлауынша, тұрғын үйлерге жылу біртіндеп беріледі. Апатты жою шарасына қатысқан Төтенше жағдай департаменті мен Қорғаныс министрлігінің 100-ге жуық қызметкерлері де өз жұмыстарына оралған. Олар 34 тонна көмірді қолмен тиеген болатын. Ал өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз. Оның себебін өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің мамандары анықтайтын болады.