Елімізде 270 адамнан коронавирус анықталды

Соңғы тәулікте елімізде 270 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды.

Қазір 2 мың 102 науқас емделіп жатыр. Оның 328-і стационарға жатқызылған. Өзгелері амбулаториялық ем қабылдауда. Ауруханаға жеткізілген 12 науқастың жағдайы ауыр, үшеуінің халі тіптен нашар. Бір науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.