Өскеменде көшеге Желтоқсан атауы берілді

Тәуелсіздік күнін ұлықтап, шаһардағы атаусыз тұрған Ертіс жағасындағы әдемі көшеге осындай атау берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәл осы жағалауда «Желтоқсан алауы» сәулет композициясы да ашылды. Монументте мұзды жарып шыққан жалын мен қыранды көресіз. Белгілі мүсінші Нұрбол Қалиев тәуелсіздікті осылай бейнелеген. Жалпы ел шығысында желтоқсан оқиғасына қатысқан 240 адам болса, әзірге соның жетпісі ғана ақталды. Сондықтан өлкеде дәл осы жандарға арналған «Шығыстық желтоқсандықтар» кітабы жарық көрді. Жинақтың алғашқы 170 данасы мектептер мен кітапханаларға таратылады.

Маратбек Рамазанов, ШҚО «Желтоқсан-86»қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

- Бүкіл Шығыс Қазақстанның желтоқсаншыларының енді бастары бірікті, енді арттағы ұрпақ танып білсін, басынан өткен қиыншылықты көрсін, соларды оқытып қалай тәуелсіздігіміз қандай жолмен келгенін білу үшін арнайы шығарылған кітап. Бұл тек қана бастамасы, эксперимент есебінде кетті, ендігі кітаптар бұдан да тартымды болады деп ойлаймын.