Жетісу-Алатау жоталарында қар көшкіні қаупі бар

Жетісу-Алатау жоталарында қар көшкіні қаупі бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тікұшақпен әуеден барлау жасаған Жетісу облысының құтқарушылар қар жамылғысының қалыңдығы бір жарым метрге дейін жететінін айтады. Жалпы, қазір Жетісу-Алатау тау жотасындағы гидрологиялық ахуал тұрақты. Дегенмен сақтықта қорлық жоқ. Облыс бойынша көшкін қаупі бар 61 аумақ және 416 мұздақ көл бар.