Екібастұзда 53 пәтерге күрделі жөндеу қажет

Екібастұз қаласындағы 53 пәтерге күрделі жөндеу жүргізу қажет, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 38-інде жұмыстар аяқталуға жақын. Бүгінде 10 бригада қажетті материалдармен қамтылған. Бұған дейін екбастұздықтардан 905 өтініш келіп түскен еді. Комиссия тексерісінің нәтижесінде 244 пәтерге түрлі деңгейдегі қайта қалпына келтіру жұмыстары қажет екені анықталған. Қала әкімі Аян Бейсекиннің мәліметінше, жылудың жеткіліксіздігіне тұрғындардан шағым әлі де түсіп жатыр. Айтуынша, зардап шеккен көпқабатты үйлердің 90%-іне жылу берілген. Қазір шағын аудан ішілік жөндеу жұмыстары жалғасуда. Оған 130-ға жуық жұмыскер жұмылдырылған. Тұрғындарға келтірілген азалдың ақысын өтеу шаралары да жалғасып жатыр.