Ақмола облысында ғалымдар құрғақшылыққа төзімді көпжылдық шөптің жаңа сұрпын шығарды

Ол аймақтың климаттық жағдайына толығымен сәйкес келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа сұрыптың артықшылығы мен кемшілігі арнайы алқаптарда сыналады,-дейді сала мамандары. Айталық, көпжылдық шөп жылына әр гектардан 30-дан 250 центнерге дейін өнім береді. Мұның тағы бір тиімді тұсы -  өсімдіктің өнімділігіне жаздың аптап ыстығы мен құрғақшылығы аса әсер етпейді. Агрономдар жаңа сұрыпты әлі де жетілдіре түспек.

Надежда Филиппова, Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының бөлім меңгерушісі:

- Әр өсімдіктің өзіндік кемшілігі болады. Селекционерлер онымен күресуге тырысады. Ақылдаса отыра жаңа сұрыпқа қажет кейбір заттарды мүлдем қоспауы мүмкін. Кей өсімдіктің уақыт өте келе өнімділігі төмендейді, бұл 4-5 жылда белгілі болады. Міне біз осы олқылықтардың алдын алуға барымызды саламыз.  Егер біз қалаған өнімділікке қол жеткізсек, онда жұмысты одан әрі жандандыра түсер едік.