Қоқыс экологиялық проблемаға айналды: қайтпек керек?

Дүниежүзілік ұйымдардың мәліметінше далаға тастаған пластик пакеттерден әлемде жылына миллиондаған құстар мен жануарлар қырылады. Ғалымдардың зертеуі бойынша өлген құстардың 90 процентінде асқазанынан пакет шыққан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Іле-Алатау ұлттық паркінің бөктерінен бір апта бұрын табылған қар барысын да мамандар құтқара алмады. Қоқысты сұрыптап немесе оны кәдеге жаратсақ, табиғатты сақтап қалуға болады.  Мәселен Ақмола облысының тұрғыны Бақшагүл Байдолда қоқысты әшейкейге айналдырған.

Бақшагүл Байдолда 2015 жылдан бері қалдықтан әшекей бұйымдар жасап келеді. Ол ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, зергерлік бұйымдарды, қуыршақ, мүсін де жасайды. Бүгінде оның бұйымдарына сұраныс артқан. Мәселен, екі бес литрлік бөтелке мен газеттерден жасалған түйені 100 мың теңгеге сатып алам деген азаматтар да бар екен.

Бақшагүл Байдолда, қолөнерші:

- 13 газетті езу арқылы жасаймыз. арт технологиясы бізде қалдық заттар, барлығы қосылып тұр ғой,  ал сумкаларды өру арқылы жасаймыз. әр бұйымдарды жасаудың өзінің технологиясы бар. үлкен бұйымдарды жасағанда оны езу арқылы жасаймыз. бұған кемінде 3-74 күн кетеді.

Қалауын тапсаң қоқыс та кіріс әкеледі.  Бақшагүл Байдолда газет пен бөтелкеден  теңдессіз бұйымдар жасайды. Яки қоқысты кәдеге жаратып отыр. Енді мен де қағаз қалдықтарын кейіпкерімізге апарып, түрлі бұйымдар жасауды үйреніп алсам ба деймін.

Он саусағынан өнер тамған жан оқушыларына да бар білгенін үйретуде.  Ұстаздан шәкірт озады демекші, бүгінде республикалық байқаулардан жүлделі орын алып жүр. Бақшагүл Байдолданы шет мемлекеттерге де шақырады, оның көз тартар өнер туындыларына қызығушылық көп. Тақауда Америка мен Түркияға арнайы шақыртумен барады.

Бақшагүл Байдолда, қолөнерші:

- Өзім сияқты осы артымнан ізбасарлар, қазақстың менталитетін әрі қарай дәріптейтін шәкірттерім болса екен деген арманым болды. Педагог болған соң ізбасарымыз болуымыз керек. қазіргі қарап отырсаңыз, экологияның көріп отырсаңыз бөтелкелер, мусорлар жатады, экологияға кішкене пайдамыз тисін деп осындай экспонаттар жасап көрейік деген ниет.

Иә,  елде қоқысты қайта өңдеу мәселесі өзекті. Жылына шамамен 5 млн тоннадай тұрмыстық қалдық жиналса оның 10-15 проценті ғана өңделеді. Сорақысы сол, қоқыстың зардабын жануарлар да тартып отыр. Таяуда Іле-Алатаудағы қар барысы өліп қалды. Оның асқазанынан полиэтилен пакеті табылған. Егер Бақшагүл Байдолда секілді қоқысты кәдеге жаратпасақ, тым болмады айналамызды қоқысқа айналдырмайық .

Наргиз Бекмағанбетова, Ырыстанбек Оспанов