Зайсанда медицинаның қауқары артып келеді

Зайсан қаласындағы перзентхана екінші деңгейге ауысқалы жатыр. Бұл - өлкедегі жүкті әйелдер үшін үлкен мүмкіндік, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені болашақ ананың бойынан қандай да бір асқыну байқалған жағдайда оған жергілікті жерде көмек көрсетіледі. Яғни олар бұрынғыдай 600-800 шақырым жердегі облыс орталығына жіберілмейді.

Өлкедегі ең шалғай Зайсан ауданында медициналық мүмкіндіктер артып келеді. Оның бір дәлелі - перзентханадағы құрал жабдықтардың жаңаруы. Гүлнұр Кенжеханова жақында ғана нәрестесін құшағына алды. Толғақ кезінде жатырдағы шарананың жағдайы қиындапты. Жүрек соғысы төмендеп кеткен. Бұны қолда бар кардитокография аппараты көрсетіп берген. Соның арқасында дәрігерлер бірден жедел шешім қабылдады.

Гүлнұр Кенжеханова, жас ана:

- КТГ аппаратының көмегі толғақ кезінде баланың сәбіимінің жүрегінің соуы төмендеп кетуі Дәрігерлердің  жауапершілігі мен біліктілігі арқасында кесар тілігі арқылы сәбіиімді дүниеге алып келдім.

Жылына 600-700 әйел босанатын перзентхана ғимаратында қазір жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Мекемеге орталықтандырылған оттегі жүйесі де тартылды. Мұндағы ұжым бұдан былай 34 аптаға дейін өмірге келген шақалақтарға өздері-ақ күтім жасай алады. Ол үшін толық жағдай бар. Жалпы Зайсанға тек осы ауданнан емес, көршілес  Күршім, Тарбағатайдан ағылатын науқастар көп. Сондықтан компьютерлік томография, инсульт орталығы сынды мүмкіндіктер аса қажет.

Жанат Жақыпбаева, Зайсан аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

- Облыс деңгейінде  қолдау көрсетіпе бізге енді компьютерлік томография берілетін болып тұр. 523 млн теңгені құрайды. Инсульт ортаылығы да ашылуы жоспары бар, оған мамандар келіп, қай жерде орналасады деген мәліметтерді көріп кеткен.

44 жыл бойы осы жерде табан аудармай қызмет етіп келе жатқан Бекзат Айтбаев аурухананың бұрынғысы мен қазіргі ахуалын жақсы біледі. Заманауи жабдықтардың артуы-жұрт денсаулығына жасалған қамқорлық деп санайды.

Бекзат Айтбаев, Зайсан аудандық ауруханасы жансақтау бөлімінің меңгерушісі:

- Бұрын кейбір аппарутралар жеткіліксіз болған қазір оттегі орталықтан, бір жерден толық беріледі, дәрі дәрмекпен толық қамтамасыз етілген. Енді жетіспейтін бір нәрсе - ауданда емхана жетіспейді. Сол емхана салынса екен деген ойдамыз.

Дәрігерлердің бұл ұсыныстары да ескеріліп қалар деген үміт бар. Алдағы уақытта өңірдегі елдімекендерде 36 медициналық мекеме салу жоспарланған.