Ақтауда жаңажылдық безендіруге қаржы жұмсалмайды

Ал Ақтау әкімдігі биыл көшелерді жаңажылдық безендіруге ақша жұмсамайтын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

 «Бұл, бюджет қаражатын үнемдеу үшін жасалған амал. Шаһар халқы түсіністікпен қабылдайды деп сенеміз» - дейді жауаптылар. Олардың айтуларынша, былтыр сатып алынған түрлі-түсті шамдар мен шағын архитектуралық пішіндер қолданысқа жарамды. Бұлар әдеттегідей қоғамдық орындар мен қала жағажайына орнатылады. Сондай-ақ тұрғындарға үйреншікті жерлерге 2 шырша қойылады.

Айта кетейік, жаңажылдық безендіру жұмыстары тәуелсіздік мерекесінен соң басталады.  

Бақтияр Мақсатов, «Ақтау қалалық ТҮКШ» ММ бас маманы:

- Былтыр пайдаланылған жаңажылдық шыршалар, соның біреуі – 11-ші шағын аудандағы «Ынтымақ» алаңында және де 15-ші шағын аудандағы амфитеатрда, теңіз жағалауында орнатылады. Барлық жұмыстар коммуналдық мекемелермен іске асырылады.