М. Козачковқа қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр

Қазақстандық журналист Михаил Козачковтың конституциялық құқығы бұзылды.

Мұны оның адвокаты Игорь Пан мәлімдеді. Сондай-ақ, ол «Әділ сөз» баспасөз қорғау ұйымына тінтудің адвокатсыз жүріп жатқанын және журналисті қорғау құқығы шектеліп отырғанын айтты. Естеріңізге сала кетейік, қаржы мониторингі агенттігі «Время» газетінің тілшісі және танымал «Kozachkov-offside» телеграм-арнасының авторы Михаил Козачковтың ұсталғаны туралы хабарлады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Журналист  Елдос Коспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобымен сыбайлас деп айыпталып отыр. Күдікті олардың рейдерлік әрекеттеріне көмектескен.

Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Тергеу жұмыстары бітсін. Сол кезде нақты айта аламыз. Қойылып жатқан айыптар өте ауыр айыптар деп есептеймін.Сондықтан енді тергеу аяқталғанан кейін нақтылаймыз. Адвокаттары бар солар да ақпаратын айтсын. Менде кешегі агенттік таратқан ақпараттан басқа тыс ақпарат жоқ.