Г. Сатыбалдыға қатысты тергеу жалғасып жатыр

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты кәсіпорындардың үлесін заңсыз иемдену, соның ішінде адам ұрлаумен ұштасқан екі факті бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

15-ші желтоқсанда қылмыстық іс айыптау актісімен бірге прокуратураға жіберілді. Жәбірленушіге келген залал сомасы 6,6 млрд теңгеден асады. Бұған дейін Гүлмира Сатыбалды және «Ария-Жаңа Астана»  компаниясының басшылығы, мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары нысандарды салуға бөлінген бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді. Тергеу барысында мемлекетке келген залал өтелді. Қазір Сатыбалдыға қатысты бизнесті басып алу және заңсыз бас бостандығынан айыру бойынша тергеу жалғасып жатыр.