Ақтөбе облысында облыстық маңызы бар жолдар жабылды

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаңбыр жауып, көктайғақ болуына байланысты үш бірдей облыстық маңыздағы жол жабылды.

Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері таратқан ақпаратқа сәйкес, қазір  "Қобда-Мәртөк", "Сазды-Шұбарқұдық" және "Ойыл-Қобда" аралығында барлық көлік түрлеріне жүруге рұқсат жоқ. Сондай-ақ жүк және жолаушылар көлігінің республикалық маңыздағы "Ақтөбе-Орск" жолымен де жүруіне шектеу қойылды. Әсіресе Шәмші Қалдаяқов ауылы мен Ресей шекарасына дейінгі аралық өте қауіпті. Мамандар, мұндай ауа райы кезінде өте сақ болу қажеттігін ескертеді.