Елордада № 98 «Мирас» мемлекеттік балабақшасы ашылды

Келер жылдың қаңтарынан іске қосылатын мекемеге 300-ге жуық бала сияды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда педиатр, логопед, психолог кабинеттері мен ойын және музыка бөлмесі, медициналық кабинет бар.

Қасымхан Сенғазыев, қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары:

 - Бұл балабақшада 56 қызметкер жұмыс жасайды. Оның 24-і тәрбиеші, 24 тәрбмешінің көмекшісі және әкімшілік қызметкерлері болады.  Жалпы балабақшаларға қалада сұраныс үлкен. Жекеменшік балабақша, мемлекеттік балабақшаларда балаларды орналастыру бойынша 3 пен 6 жас аралығында 99 пайыздан артты балаларды қамту.

Сонымен қатар мекемеде инклюзивті білім беруге де жағдай жасалған. Қазір «Мирас» балабақшасының ұжымы бүлдіршіндерді қабылдауға қызу дайындалып жатыр.

Алмагүл Нұрқабылова, балабақша меңгерушісі:

 - Бала жасақтауды қазір жасай бастаймыз. Қаңтар айынан бастап, электронды  порталы арқылы отырғызамыз топтарға. Инклюзивті топтарды коррекциялық топ болған жағдайда тіл мүкістігі бар балалар болған жағдайда ашқымыз келіп отыр. Балабақша аумағы ішінде 3600, сыртқы аумағында 1300 аумағы бар.

Қазіргі таңда қалада 400-ден астам мектепке дейінгі ұйым бар. Оның 300-і жекеменшік болса, қалғаны мемлекеттік. Қала әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, келер жылы 9 мың бүлдіршінді балабақшамен қамтамасыз ету үшін жекемншік мекемелерге қосымша мемлекеттік тапсырыс беру жоспарланған.

Авторы: Наргиз Бекмағанбетова