Павлодарда 58 жеке үй жылудан ажыратылды

Павлодар қаласында 3 көп қабатты тұрғын үй мен 58 жер үйге жылу әлі берілген жоқ.

18 желтоқсанда жылу желілерінде ақау пайда болған еді. Кешеден бері оны жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Павлодар жылу желілері» серіктестігінің мамандары жылу камерасындағы суды сорып алды. Тұрғындар алдын ала ескертілді дейді мамандар.