Қызылорда облысында жаңа кен орындары ашылуы мүмкін – облыс әкімі

Өңір мамандары Энергетика министрлігімен бірлесіп тиісті барлау жұмыстарын бастап кетті. Бұл туралы «Бетпе-бет» бағдарламасында Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, жергілікті атқарушы органдар бұл мақсатқа 4 миллиард теңге қаражат бөлді. Зерттеу Шу-Сарысу, Арал және Сырдария бассейндерінде 5 мың метр тереңдікте жүріп жатыр. Кейінгі жылдары Қызылордадағы кен орындар қоры біршама азайып қалды. Мәселен, бұрын облыста жыл сайын 12 миллион тонна мұнай өндірілетін. Қазір бұл көрсеткіш 3 есе азайып, 3 жарым миллион тоннаны құрады. Соның салдарынан бюджетке түсетін қаражат та қысқарды. Десе де облыс басшылығы саладағы жұмыс орындарын сақтап қалмақшы.

Нұрлыбек Нәлібаев, Қызылорда облысының әкімі:

- Энергетика министрлігі және Қазмұнайгаз компаниясымен жаңа кен орындарына барлау жұмыстарын жүргізуге геологиялық барлау жасап жатырмыз. Жұмыстар басталды. Облыстағы перспективалы бассейндерде Экология геология және табиғи ресурстар министрлігімен геофизикалық жұмыстар басталды.