Өскемен қаласының құтқарушылары Аяз атаның киімін киіп, кезекті рейдке шықты

Төтенше жағдайлар жөніндегі мобильді топтар жекеменшік сектор аулаларын аралап, тұрғындардың пештерін тексерді.

Мерекелік форматтағы шараның басты мақсаты – халыққа өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру. Мамандардың айтуынша, мереке қарсаңында осындай алдын алу шараларын жүргізу аса маңызды.  Себебі қайғылы статистика өсіп келеді.

Мәселен, жыл басынан бері апатты пештердің салдарынан 119 өрт тіркелген. Сегіз адам улы газдан уланып, көз жұмды. Сондай-ақ, бес бала зардап шекті. Осы тектес жағдайларға жол бермес үшін, құтқарушылар көп-балалы отбасылардың үйлеріне газды бірден анықтайтын датчиктерді орнатты.