«Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауының үздіктері марапатталды

Биыл әдеби конкурс Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына және жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Іс-шара «AMANAT» партиясының бастамасымен ұйымдастырылды. «Поэзия» номинациясы бойынша бірінші орынды ақын Жәнібек Әлиман иеленсе, «Прозада» Әлихан Жақсылық марапатталды. Ал «Балаларға арналған шығарма» аталымында Алпысбай Әбділұлы үздік деп танылды. «Драматургияда» Ықылас Шалғынбай жүлделі орынды  жеңіп алды. Сонымен қатар биыл тұңғыш рет тағайындалған «Алаш аманаты» арнайы сыйлығын Елдос Тоқтарбай, «Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған»  сыйлықты Ұларбек  Нұрғалымұлы иеленді. Ал «Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған» арнайы сыйлықты жазушы Абай Аймағамбетов алды. 26-шы тамыз бен 10 қараша аралығында өткен байқауға бас-аяғы 152 шығарма келіп түсті. 

Ұларбек Нұрғалымұлы, ақын, жазушы:

- Ұлы дала бәйгесі осымен 3-рет өтіп жатыр. драматургия деген ацыр жанрлар бірден жазыла қоймайды. Алдын ала жыл бұрын дайындалады. Дәстүрлі өтудің айырмашылығы осы. Әдебиетке жасалған қамқорлық деген ол руханиятқа жасалған дүние емес. қоғамға,экономикаға, жалпы қоғамға жасалған дүние. сондықтан жалғасын таба берсін жеңімпаздарды құттықтаймын.

Сондай-ақ...