Қазақстанда газ жабдықтарының экспорты өсті

ТМД-дағы геосаяси жағдайдың нашарлауы Корей өндірушілерінің Қазақстандағы тауар сату көлемін арттырды.

Атап айтқанда, біздің елге газ жаб-дығы экспортының айтарлықтай өсуі тіркелді. Себебі Мәскеуге қарсы экономикалық санкциялар күшейтілгеннен кейін, еуропалық брендтер іс жүзінде ТМД нарығынан шығып кетті. Ірі еуропалық компаниялардың дистри-бьюторлары Ресейде орналасып, сол жерден Қазақстанға және ТМД-ның өзге елдеріне тауар жеткізетін. Биыл корей өндірушілері, логис-тикалық мәселелерге тап болғанымен, елімізге жет-кізілім көлемі артты.

Кан Ён Чоль, Газ жылыту жабдық корпорациясының президенті:

- Корей экспорттаушыларына логистикалық кедергілер көп зиян келтірді. Дегенмен, ТМД аймағындағы сатылымдар пандемияға дейінгі деңгейге дейін қалпына келеді. Биылғы жылы экспорт өткен жылмен салыстырғанда 159%-ке өсті.

Евгения Цхай, Газ жабдықтарын импорттау компаниясының бас директоры:

- Өткен жылмен салыстырғанда Қазақстанға өнімді жеткізу көлемі 15-20%-ке көбейді. Бұл ретте, менің ойымша, бүгінде Ресей нарығында да белгілі бір өнім тапшылығының болуы да өз үлесін қосты. Әрине, Қазақстанға Ресейден жеткізілмейтін өнімдер бар. Бұл кемшіліктің де орнын толтыру керек.