Қазақстанда бала саны көбейеді

Келер жылы Қазақстанда демографиялық өсім күтілуде.

Сондықтан елдегі инфрақұрылым оған дайын болу керек. Былтыр бізде 450 мыңнан астам сәби дүниеге келді. Өсім сақталады деген болжам бар. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы мүшелерінің айтуынша, елімізде демографиялық өсімге жауап беретін инфрақұрылым сақадай-сай болу қажет.

Ляззат Сүлеймен, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының төраға орынбасары:

- Былтыр елімізде рекордтық демографиялық өсім тіркелді. 450-460 мыңға жуық сәби дүниеге келді. Бұл демографиялық өсім сақталады. Осы өсім сақталады және сол демографиялық өсімге біз инфраструктураны, балалардың мектебін, ауруханаларды реттеп, осы өсімге жауап беретін саясат құру керектігі туралы Президент осы мәселелерді қойып отыр. 

Мектептерде 1 «Ю» сыныптары болмас үшін инфрақұрылым дайын болу қажет. 2019 жылы БҰҰ-ның халықтар туралы болжамы жарияланды. Оған сәйкес екі мың жүзінші жылға қарай Қазақстанда адам саны 28 млн жетеді деген болжам жасаған. Алайда былтыр пандемия болды. Бүгінгі таңда геосаяси оқиғалар да бұл жағдайға әсер етіп отыр. Бұдан бөлек елімізге мигранттардың келуін де көріп отырмыз. Сол себепті демография мәселесі өте үлкен маңызға ие» деп атап өтті саясаттанушы, қоғамдық даму мәселелері бойынша сарапшы Жұлдызай Ысқақова.