Қостанай облысында жолдарды жөндеу жұмыстарының сапасы сын көтермейді

Қостанай облысында жолдарды жөндеу жұмыстарының сапасы сын көтермейді

Қостанай облысында жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу жұмыстарының сапасы сын көтермейді. 

Арнайы жүргізілген тексеріс қорытындысы осыны көрсетті. Мыңнан аса сынаманың жартысына жуығы талапқа сай болмай шықты. Пайдаланылған  құрылыс материалдары стандартқа сәйкес келмейді. Асфальт жабындысы, темір бетон құрамаларының кем-кетік тұстары көп. Ал республикалық маңызға ие трассаларды  жөндеу сапасы жаман емес-дейді мамандар. Төрт жүз сынаманың тек  алпысынан кінәрат табылған. Тексеріс нәтижесі бойынша мердігерлерге 29 мың шаршы метр тас жолды қайта жөндеу міндеттелді.    

Владимир Завалий, облыстық жол активтері сапа орталығының бөлім бастығы:

- Мердігерлер көбіне сапасы күмәнді арзан құрылыс материалдарын пайдаланады. Сонымен қатар  технологиялық талаптар сақталмайды. Биыл сәулет-құрылыс бақылау басқармасына мердігерлерге шара қолдану жөнінде 8 хат жолдадық. Соның біреуін ғана құптап, құрылыс компаниясына 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды.