БҚО-да дизель тапшы

Батыс Қазақстан облысында тағы да дизель тапшы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жүргізушілер жанармай бекеттерін жағалап жүр. Тауарды тапқан күннің өзінде ұзын-сонар кезекке тұрады. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, қорда 3600 тонна шамасында дизель қалған. Бұл бір аптаға ғана жетеді. Мамандар тауар тапшылығын Атырау мұнай өңдеу зауытының уақытша жөндеуге жабылуымен байланыстырып отыр. Ол кәсіпорын енді ғана жұмысына кірісе бастаған. Келісімшарт негізінде Жайық өңіріне 1200 тонна дизель отыны жолданған. «Бір-екі күнде жағдай қалпына келе бастайды», - дейді шенеуніктер.

Миржан Нұртазиев, БҚО энергетика және ТКШ басқармасының басшысы:

- Мен тек жолда келе жатқанын айтып жатырмын. Бұдан басқа арыздарымыз бар зауытта жатқан. Олар да ертең шығып қалуы мүмкін. Зауыт қалай өндіреді дизель отынын, солай жібере береді. Шекті баға бізде дизель отыны- 260 теңге ҚР азаматтарына, ал транзиттік 650 теңге.