Облыс әкімдіктеріне қосымша өкілеттік беріледі

Ірі қалаларда халық саны мен жер аумағының өсуі тұрғысында бірқатар проблема бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Инфрақұрылымға түсер жүктеменің артуы, қаланың шет аймақтарында құрылыстың ретсіз салынуы, жос-парлау жобаларының дұрыс іске аспауы және ыңғайлы көлік жүйесінің болмауы сияқты мәселелер қордаланған. Агломерациялардың дамуын реттейтін нормативтік құқықтық база жоқ. Осыған байланысты облыс орталығы мен маңындағы аймақ арасында, функцияларды заңнамалық тұрғыдан бөлу қажет. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Сенат отырысында осы түйткілдерді көтерді. Депутаттар тиісті заң жобасын қабылдады. Негізгі және ілеспе заң жобалары аясында, өңірлердің әкімдіктеріне 25 қосымша өкілеттік берілмек. Негізгі заң жобасы бойынша 11 өкілеттік, ал ілеспе заң жобасы тұрғысында

Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі:

- Елді мекендерді агломерациялардың құрамына енгізу және олардың тізбесін жүргізу қағидалары министрліктің бұйрығымен бекітілетін болады. Осы орайда, агломерацияларды айқындаудың негізгі критерийлері ретінде мыналар танылады: орталық қаланың әкімшілік мәртебесі, демографиялық сыйымдылық, логистикалық әлеует, экономикалық әлеует. Заң жобасы қабылданғаннан кейін, осы өлшемшарттарға сәйкес, «агломерациялар» ретінде Алматы, Астана, Шымкент, сондай-ақ басқа да облыс орталықтары айқындалады.