Еліміздегі үздік ауыл әкімі анықталды

Биыл үшінші рет ұйымдастырылған республикалық байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен жүзге жуық ауыл әкімі өтінім берген.

Бірінші кезеңде қатысушылар ауылда жайлы жағдай жасауды көздейтін жобаларды қорғады. Ал екінші кезең арнайы тест тапсыру арқылы өтті. Осы екеуінен сүрінбей өткен 17 қатысушы ақтық сынға жолдама алды. Нәтижесінде, жобасын сәтті қорғаған Түркістан облысы, Шардара ауданы, Жаушы-құм ауылының әкімі Нұрбақыт Нұрсейітов Үздік ауыл әкімі болып танылды. Айта кету керек, республикалық байқаудың мақсаты –мемлекеттік қызметшілердің имиджін құрып, жергілікті менеджментті қалыптастыру.

Нұрбақыт Нұрсейітов, үздік ауыл әкімі:

- Мен ұсынған жобам – жалпы ауылдық округте негізгі күн көріс табыс ауыл шаруашылығы болғаннан кейін, ауыл шарушылығын дамыту жөнінде. Жобам 12192 гектер жерді суландыру жобасы. Ислам даму банк арқылы жобаны қорғап, осы халықтың игілігіне, табыс көзіне айналдыру мақсатынжа жүзеге асырсақ деген мақсат. 

Дархан Жазықбаев, мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:

- Абай атамыз айтады ғой «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл болғанымен де жылы жүрек керек» дейді. Сондықтан да елге, халыққа жұмыс жасау үшін осындай мемлекеттік қызметшілерді қалыптастыру аясында біз үлкен іс-шараларды өткізіп отырамыз.