Бір тәулікте 271 адамнан коронавирус анықталды

Бір тәулікте 271 адамның ағзасында коронавирус инфекциясы анықталды.

Дәл қазір елімізде бұл індеттен 2 жарым мыңнан астам науқас емделіп жатыр. Олардың 33-і стационарда жатса, қалғаны үйінде ем-дом қабылдайды. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, коронавирусқа шалдыққан 14 азаматтың халі ауыр. Тағы 4 пациенттің жағдайы өте ауыр деп танылды. 2 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.