Нұрлан Мәсімовтің ісі сотқа жолданды

Мұны Павлодар облыстық жемқорлықпен күрес қызметі хабарлады.

Бұған дейін Павлодар облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы, генерал-майор Нұрлан Мәсімов пен оның орынбасары Дамир Сиразидимовтің және кәсіпкердің үстінен "ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық жасады" деген күдікпен қылмыстық іс қозғалған еді. Енді тергеу аяқталып, Павлодар облыстық прокуратурасы айыпталушыларды сотқа берді.  Мәсімов пен Сира-зиди-мов 90,3 млн теңге сомасында пара алды және арт-тех-қару-жарақ сатып алуға арналған 420 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырған деп айыпталуда.