ШҚО-да қылқан жапырақты орман күзеті күшейтілді

Жаңа жылда   жасыл  шырша сұранысқа ие болғандықтан, дәл сол ағаш түрін қорғау басты міндет. Бұл мақсатта бес бірдей мобильді топ жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша мемлекеттік орман қорының  2  мың гектардан астамы жіті назарға алынды. Тек қана «Өскемен орман шаруашылығының» өзінде отыздан астам адам күзетке жұмылдырылды. Олар омбы қарда еркін жүретін көлік түрін де қолданады. Амалын тауып  жасыл желекке балта шапқан адамға 300 мың теңгеден бастап айыппұл салынады.

Бейбіт Омарбеков, «Өскемен орман шаруашылығы» КММ директорының орынбасары:

- Мобильді топтардың негізгі мақсаты-орманға кіретін жолдарды қадағалап, шырша ағаштарын заңсыз кесуді болдырмау болып табылады. Осындай жұмыстардың арқасында соңғы жылдары мекеме бойынша орман заңнамаларын бұзу фактілері тіркелген жоқ. Бұл дегеніміз атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесін көрсетеді.