Алматыда тұмау өршіп тұр

Алматы қаласында тұмау өршіп тұр.

Сырқатқа шалдыққандардың 66 проценті балалар. Жалпы, қалада вирустың үш түрі тіркелген. Ауру белгілері бәріне ортақ. Науқастар бас ауруы, дене қызуы, өткір жөтел мен бұлшық еттердің ауыратынын айтып шағымданады. Сонымен қатар, коронавирус инфекциясын 250 адам ауру жұқтырған. Егер алдыңғы аптамен салыстырып қарасақ, індет дендеп барады. Қазір стационарда 51 науқас коронавирустан емделуде.

Алмаш Ахметова, Алматы Қ. СЭБД бөлім басшысы:

- Алматы қаласында жіті респираторлық вирсутық инфекция мен тұмау бойынша, маусымдық өсім байқалады. Өткен 51-аптада қала бойынша аурушаңдық жіті респираторлық вирустық инфекция 100 мың адамға шаққандағы аурушаңдық көрсеткіші 1104,24-ті құрады. Бұл өткен алдыңғы аптамен салыстырғанда 7,5 пайызға жоғары, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,7 есеге жоғары.

Лаура Сахи, Алматы қаласы №4 емхананың  эпидемиолог дәрігері:

- Емханаға бір аптада хабарласқан 887 пациенттің 800-і жіті респираторлық вирустық инфекция жұқтырғандар. Әрине бұл өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда көп. Сондықтан, алдын алу шараларын естен шығармаған жөн.