Алматының жүргізушілері 9,4 млрд теңге айыппұл төлеген

Жол ережесін бұзғаны үшін салынған айыппұлдың көлемі жағынан Алматы көш бастап тұр.

Тек биылдың өзінде 20-дан аса көлік жүргізушісі 500 мыңнан 3 млн теңгеге дейін айыппұл арқалаған. Мұны полицейлер жедел басқару орталығымен бірге жүргізген мониторинг барысында анықтаған. Оған қоса, «Сергек» камераларынан мәліметтер алынған. Сонымен қатар айыпұл төлемей жүргендер рейд барысында қолға түсіп жатады.

Автокөлік жүргізушілері жол ережесін маневр жасайтын кезде жиі бұзады. Бағдаршамның тыйым салынған белгісіне қарамастан, өтіп кетеді. Рұқсат етілмеген жолда қарсы бағытқа шығып алады. Автобус жолағымен жүреді. Жылдамдықты асырады. Мұның бәрі апатты жағдай туғызады. Осындай өзінің де, өзгенің де  өміріне қауіп төндірген көлік жүргізушілері айыппұлдың үстіне айыппұл жамай берген. 

Ержан Ұзабаев, қалалық ПД жергілікті полиция басқармасының бастығы:

- 3 млнға дейін болды. Көлікте біздің азматтар. 1 млн, 2 млн, 3 млнға дейін болды. Ең көбісі 3 млн.. Тұраққа қойылды көлігі. Иесі штрафын төлеп көліктерін алып кетті. Арасында бар басқа республиканың көлігімен жүрген. Бірақ азаматтар Қазақстанның азаматтары. Сергекпен жұмыс істеп жол бұзғандарын қанша штрафтарын сонымен қарап компьютермен сонымен тоқтатылған.

Жол көлік оқиғалары өткен жылмен салыстырғанда 20 процентке артқан. Соның ішінде 2 мың жүргізуші көлік құралын масаң күйде басқарған. Оған қоса, курьерлік қызмет көрсететіндер де жол апатына себеп болып жататындары жасырын емес. Енді оларды сөмкелеріне қойылған номер арқылы іздейді.  

Ержан Ұзабаев, қалалық ПД жергілікті полиция басқармасының бастығы:

- Сумкаларына номерация қойып жатырмыз. Табуға жеңілдік болсын деп. Сумкаларында номерлер бар қарасаңыздар. 2-3 курьерский нелер өздеріне жазды. Оң беттерінде, сол беттерінде сумкаларында номерлері бар.      

Полицейлердің айтуынша, автокөлік жүргізушілері жол ережесін сақтамаса, 2-3 күнде-ақ айыппұл көлемі 3 млн теңгеге жетеді. Жалпы бір ғана Алматының өзінде  жол ережесін бұзғандарға 9 млрд 400 млн теңгеден аса айыппұл салынған.     

Қарлығаш Қайыпбекова, Сұлтан Бейсекенов