Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Желтоқсанда өткен аймен салыстырғанда коронавируспен ауырғандар саны шамамен 2,5 есе көбейген.

Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Айжан Есмағамбетова мәлімдеді. Оның айтуынша тәулігіне бұл инфекция 300-ге жуық адамның ағзасында анықталып жатыр. Әзірге еліміздің барлық өңірі жасыл аймақта болғанымен, кейбір аймақта сырқаттану көрсеткіші күрт өсіп бара жатыр. Балалар арасында да коронавирус жұқтырғандар аз емес. Жыл басынан бері кәмелетке толмаған 61 мың қазақстандыққа осы диагноз қойылды. Олар жалпы науқас санының 15 құрайды, - деді вице-министр.    

Айжан Есмағамбетова, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:

- Қазақстанда желтоқсан айында қараша айымен салыстырғанда сырқаттанушылықтың  2,4 есе өсуі байқалады. Тәулігіне 300-ге дейін КВИ жағдайы тіркелуде. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес 12 тамыздан бастап Қазақстан Республикасы және барлық өңірлер жасыл аймақта орналасқан, бірақ, R көрсеткішінің бір бірліктен жоғары болуы еліміздің 13 өңірінде байқалады, бұл инфекция таралуының өскенін көрсетіп отыр.