Еліміздің жол қызметкерлері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті

Мереке қарсаңында республикалық маңызы бар жолдардың жүктемесі артады. Осыған байланысты жол қызметкерлері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті.

Әсіресе, өңірлерді байланыстыратын трассалардағы қауіпсіздік пен жалпы жағдайы ерекше назарда.

Жолды қардан тазартып, көктайғаққа қарсы материалдар сеуіп жүрген көліктер бәріне таныс. Олардың іс-әрекеті қарапайым көрінгенімен, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Әсіресе, ақ түтек боранда біздің кейіпкерлеріміздің жұмысы қыза түседі. Мұны осы салада 15 жылдан бері еңбек ететін механизатор Ақылбек Шашкенов жақсы біледі.

Ақылбек Шашкенов, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК» АҚ  компаниясының механизаторы:

- 6-7 жыл жаңа жылды жолда қарсы алған күндер болды. Талай боранда жолда қалып қояды. Таксистер қалып қояды, сынып қалады. Боранда қалып қояды. 31-күні, бәрі 1-не асығып жүреді ғой. Талай жігіттерді құтқарып қалдық.

Қыс басталғалы жолда қалған 563 адам құтқарылып, 230-тан астам техника жылы бокстарға оранастырылды. «Қаншама ескерту жасалса да қолайсыз ауа райында алыс сапарға шығатындар көп», - дейді жол қызметкерлері.

Шыңғыс Жалмақанов, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК» АҚ  компаниясының механизаторы:

- Ауа райының қолайсыздығынан халық жолға шыққан кезде, халықтың 100%-нан 60-70% дайындықсыз шығады. Содан кейін жолда қалып қолады. Соларды құтқаруға шығамыз. Жолда қалып қойса, бізге де кедергі бір жағынан. Оларқы құтқару керек, тазалау керек, жолды тазалау керек. 

Республикалық маңызы бар жолдарда 1000-нан астам техника мен 3000 мыңдай адам еңбек етеді. Қазірдің өзінде елдің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Осындай хабарламаларға қарамай, сапарға шығып, жолда қалып қойған азаматтар ҚазАвтоЖолдың 1403 бірыңғай нөміріне телефон соға алады.