Маңғыстау облысында аққуларды қолдан қоректендіріп жатыр

Маңғыстау облысында аққуларды қолдан қоректендіріп жатыр.

Орман шаруашылығы инспекциясының мамандары Қарақия қорықшасындағы Қаракөл көлін мекендеген құстарға 500 келіден астам жем жеткізді. Аққуларға арналған азық қоспасына негізінен арпа, бидай және сәбіз бен орамжапырақ пайдаланылған. «Биыл өңірде қыс әдеттегіден суық болып тұр. Экологтар күн жылынбаса, қоректендіруді жалғастыра береміз», -дейді.

Ғаббас Досатов, облыстық ОШ және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы:

- Арнайы мамандардың қандай қорек беру керектігін ескере отырып, арпа, бидай, орамжапырақ, сәбіз, картоп сияқты өнімдерді аққуларға көлге қайықпен шығып, жағалаудағы мұздың үстіне шаштық. Көмек көрсеткен табиғат жанашырларына қорекпенен, сосын мына балық инспекциясы мекемесі қайықпен көмектесті ондай азаматтарға рақметімізді айтамыз.