Қ. Тоқаев мемлекеттік стипендия тағайындады

Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды тағайындады.

Оны Әдебиет және өнер қайраткерлері иеленді. Стипендия алғандардың қатарында Олжас Сүлейменов, Асанәлі Әшімов, Ақұштап Бақтыгереева, Смағұл Елубай, Ханбибі Есенқарақызы, Жүрсін Ерман, Дулат Исабеков, Бибігүл Төлегенова сынды танымал тұлғалар бар.