ЖОО студенттеріне арнап корпустар мен жатақханалар салынады

24.kz

Әлеуметтік осал топтардың арасынан, ауылдық жерлерден келген студенттерді жатын орындармен қамтамасыз ету үшін жатақхана иелерінің шығындарын өтеу ұсынылады.

Бұл жөнінде Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Жиында ғылым мен жоғары білім беруді дамыту жайы қаралды. Үкімет басшысы жаңа тәсілдерді қолдап, бұл механизмді колледж студенттеріне де қолдану керек деді. Бұдан бөлек қосымша корпустар мен жатақханалар салынады. Келер жылы үш отандық жоғары оқу орнының базасында академиялық орталық құрылады. Пилоттық жобаны премьер-министр қолдады.