Қарағанды облысында боран кезінде 102 адам эвакуацияланды

Қарағандыда ұйытқыған боранға байланысты жолдардың бірнеше бөлігінде көлік қозғалысы шектелді.

Қазір жол тазаланып, Балқаш – Ақсу-Аюлы  бағытында құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Облыс бойынша 102 адам эвакуацияланды, оның ішінде 30 бала мен 43 техника қар құрсауынан шығарылды. Іздеу-құтқару және жол тазарту жұмыстарына 226 адам, 132 бірлік техника жұмылдырылды. Жағдай бақылауда. Мамандар тұрғындарды алыс жолға шықпауға шақырады.