Қарағанды облысында 100-ден астам адам құтқарылды

Өткен тәулікте Қарағанды облысының жолдарынан жүзден астам адам құтқарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның ішінде – 18-і бала. Облыс аумағында әлі де дауылды ескерту сақталып отыр. Барлық бағыттардың жолы жабық. Жолдарда 600-ге жуық көлік тоқтатылған. Жүргізушілер мен жолаушылардың басым көбі – Балқаш қаласына қарай бағыт алғандар. Тек 1 тәулікте төтенше жағдай мамандары екі іздестіру жұмыстарын жүргізіп, 20-ға жуық құтқару операциясын орындаған.

Атап өткен жөн, күн күрт бұзылғалы облыс аумағынан 300 адам құтқарылып, 90-ге жуық көлік қар құрсауынан шығарылған болатын.