Риддердегі жағдай тұрақталды

Шығыстың Риддер қаласында жағдай тұрақталды. Жылу электр орталығындағы ақау жөнделді. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді.

Оның айтуынша, күрделі шаралар қолға алынды. Апаттың нақты себебі аталмады. Жергілікті билік бұл жағдайға станция басшылығын кінәлады. Еске салсақ, 4-ші қаңтарда Риддердегі жылу электр орталығындағы апаттан құрылғылар істен шығып, салдарынан 22 мың тұрғын жылусыз қалған болатын.