Елімізде ауа райына байланысты көлік қозғалысы қиындады

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірқатар тасжолында көлік қозғалысы қиындады.

Жолдарды тазалау үшін 63 автожол учаскесі жабылды. Оның 27-сі республикалық маңызға ие. Қалың қар салдарынан Алматы-Өскемен, Қалбатау-Өскемен, Көкпекті-Қалбатау тас жолдарында көліктер қозғала алмай, кептеліп қалған. Сонымен қатар, Түрген-Ботан бағытындағы көліктер  қар құрсауынан шығарылды. Нәтижесінде 92 адам құтқарылды. Оның ішінде 8 бала бар.