Елдің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктердің болжауынша Қазақстанның басым бөлігінде боран, тұман және көктайғақ болады.

Астанада қарлы дауыл тұрады. Елдің батысы, шығысы мен Ақмола және Ұлытау облыстарында да қолайсыз ауа райы сақталады. Бес өңірде желдің жылдамдығы секундына 25 метрге дейін жетеді. Ал Алматы облысында қар көшкіні қаупі бар. Сондықтан мамандар тауға шықпауға кеңес береді.