Қыс мезгіліне қарамастан Арқада киік жортып жүр

Қыстың ортасы болса да Арқа даласында киік жортып жүр.

Сәкен Ділдахмет, экология сарапшысы:

- Мынау еліміздің әрбір өңірінде жолдың бойында, ауылдың ішінде кезедсіп жатқан киіктер ол орнықты жағдай. Себебі олардың өзі жыл сайын көшіп-қонып жүретін миграциялық жолдары бар, соныдқатна бұған ешбір таңқалып, ешбір ойсыз қарау керек.

Ия, кейінгі бірер жылда киік көбейді. Бірақ неге арқа даласында қыстап қалды. Оның басты себебі темір жолдың және автобандардың салынуы дейді сарапшылар. Шама келсе киік өтетін арнайы өткелдер салуы керек. 

Сәкен Ділдахмет, экология сарапшысы:

- Негізі киік өте сақ жануар, адамнан екі-үш шақырым жерде алыста жүреді. Жоламайды адамның қасына, соныдқтан бұл ретте жаңағы жолдың бойында кездесіп жатқан факторлар бұл киіктердің сол сәтте көшіп-қонып жүрген мәселесі бар, екінші үлкен мәселе, мысалы, қазір еліміздің әрбір облыстарында жалғайтын өте үлкен тас жолдар салынды, автобандар, киіктер жолдан секіріп өте алмайды. Кейбір жолдардан көше алмайды. Неге десеңіз, өздерінң миграциялық жолдары жабылып қалған.