Елдің 5 облысында қозғалыс шектеулі

Күн райының қолайсыздығына байланысты 5 облыстағы тас жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақмола облысында бұрқасын соғып тұр, «Жезқазған-Петропавл», «Екатеринбор-Алматы», «Көкшетау-Рузаев» автожолдарының жекелеген бөліктерінде шектеу бар. Сондай-ақ Қостанай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында қар жауып, желдің күшеюі салдарынан бірқатар тас жол жабық. Абырой болғанда республика жолдарында жол-көлік апаты тіркелген жоқ.