Қостанай облысында қылмыскерлер қолға түсті

Қостанай облысында 10 адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күдіктілер өңірде ұзақ уақыттан бері адамдарды бопсалаумен айналысып келген. Полицияның мәліметі бойынша олардың өзге де қылмыстарға қатысы бар. Әзірге белгілісі, жергілікті тұрғындарға қатысты 12 қылмыс жасағаны анықталды. Олардың біразы – кәсіпкерлер. Жалпы шығын 10 миллион теңгеден асады. Қазір тергеу жүріп жатыр.